Тоқаев ОСК-ның екі мүшесін қызметінен босатты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық сайлау комиссиясының екі мүшесін қызметінен босатты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы Сәбила Сапарқызы Мұстафина мен Константин Викторович Петровты Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі лауазымынан босатты. 

Олардың орнына жаңа мүшелер тағайындалды. 

"Азамат Мақсотұлы Айманакумов Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі лауазымына тағайындалды;

Михаил Михайлович Бортник Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі лауазымына тағайындалды", - делінген Ақорда хабарламасында. 

Қызметінен босатылған мүшелер туралы не белгілі?

Сәбила Сапарқызы Мұстафина

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесінің ресми сайтынан алынған сурет 

Сәбила Сапарқызы 1960 жылғы 9 қарашада Ақмола облысы Ерейментау қаласында дүниеге келді. 

1982 жылы Целиноград ауыл шаруашылығы институтын ауыл шаруашылығы өндірісінің экономист-ұйымдастырушысы мамандығы бойынша, 1990 жылы БЛКЖО ОК жанындағы Жоғары комсомол мектебін бітірді, саясаттанушы.

Еңбек қызметі:

1982-1983 жж. - Целиноград ет-сүйек ұны зауытының бас экономисі;

1983-1985 жж. - Целиноград ауыл шаруашылығы институтының оқытушысы, комсомол комитетінің хатшысы;

1985-1991 жж. - Совет аудандық комитетінің бірінші хатшысы, ҚЛКЖО Целиноград облыс комитетінің екінші хатшысы;

1991-1995 жж. - ЛКЖО ОК-ның хатшысы, Қазақстан жастары одағы ОК хатшысы;

1995-1996 - "Айсар" ЖШС-ның бас директорының орынбасары;

1996-1999 жж. - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің консультанты;

02.1999-12.2002 жж. - Қазақстан Республикасы министрі, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссиясының Төрайымы хатшылығының меңгерушісі;

12.2002-11.2003 жж. - Қазақстан Республики Премьер-Министрі хатшылығының меңгерушісі;

11.2003-04.2004 жж. - Қазақстан Республикасының Президенті Кеңсесінің мемлекеттік инспекторы;

04.2004-11.2004 жж. - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысы хатшылығының  бас инспекторы;

11.2004-11.2006 жж. - Астана қаласы әкімінің орынбасары

11.2006-04.2008 жж. - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің әлеуметтік саласы секторының меңгерушісі;

04.2008-11.2011 жж. - Астана қаласы "Сарыарқа" ауданының әкімі;

11.2011-09.2016 жж. - Астана қаласы Есіл ауданының әкімі;

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 30 қыркүйектегі Жарлығымен Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі болып тағайындалды;

19.07.2017-29.09.2021 жж. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 29 қыркүйектегі №664 Жарлығымен Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі болып қайта тағайындалды.

Константин Викторович Петров

Константин Викторович 1969 жылы 18 маусымда Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 1991 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе педагогикалық институтын бітірген.

Еңбек қызметі:

1991-2004 жж - химия-биология пәнінің мұғалімі, Ақтөбе қаласының №3 орта мектебі директорының орынбасары, ұйымдастыру-кадр жұмысы бөлімі бастығының орынбасары, Ақтөбе қаласы әкімінің көмекшісі, цех басшысының әкімшілік-шаруашылық қызметі және цех басшысының орынбасары. Ақтөбе ферроқорытпа зауытын абаттандыру;

08.2004-04.2008 ж - Ақтөбе облысы әкімінің көмекшісі;

04.2008-01.2009 - Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасының басшысы;

01.2009-24.08.2015 ж - Ақтөбе облысы әкімі аппаратының басшысы;

24.08.2015-09.2016 - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің мемлекеттік инспекторы;

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 30 қыркүйектегі Жарлығымен Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі болып тағайындалды;

29.08.2017-29.09.2021 Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары;

Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 29 қыркүйектегі №665 Жарлығымен Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі болып қайта тағайындалды.

2021 жылғы 29 қыркүйек - Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!