Мемлекет басшысы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровті қабылдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президентке Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен Мәслихаттары депутаттарының сайлауын өткізу жөніндегі Орталық сайлау комиссиясы жұмысының қорытындылары жайлы мәлімет берілді.
Сондай-ақ, Нұрлан Әбдіров сайлау жүйесін жетілдіру және сайлау органдарының кәсібилігін арттыру бойынша Орталық сайлау комиссиясының атқарып жатқан жұмыстарының нәтижелері туралы баяндады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!