Тоқаев “Орталық Азия – Қытай“ саммитіне қатысушыларды қарсы алды

Тоқаев “Орталық Азия – Қытай“ саммитіне қатысушыларды қарсы алды
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Қасым-Жомарт Тоқаев екінші "Орталық Азия – Қытай" саммитіне қатысушы мемлекеттер басшыларын қарсы алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Саммит жұмысына Орталық Азия мемлекеттерінің басшылары, сондай-ақ, Қытай төрағасы қатысады деп жоспарланып отыр.

Саммит Орталық Азия елдері мен Қытай арасындағы өзара іс-қимыл бойынша пікір алмасуға бағытталған.

Айта кетейік, Қытай төрағасы Си Цзиньпиннің Астанаға жиі келуі - Қазақстанның Бейжің үшін маңызды екенінің айқын көрсеткіші. Бұл туралы қазақстандық сарапшы Қанат Оспанов айтты. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget