Тоқаев Орбанмен келіссөз жүргізу үшін кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Виктор Орбанмен кездесу өткізу үшін Мажарстан премьер-министрінің кеңсесі орналасқан ғимаратқа барды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаев 19 қарашада мемлекеттік сапармен Венгрияға барды.

Сапар барысында ол Қазақ-мажар инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысты. 

Мемлекет басшысы, ең алдымен, екі ел арасындағы экономикалық қарым-қатынас қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, Будапештке алғашқы мемлекеттік сапары қазақ-мажар стратегиялық серіктестігінің жаңа кезеңіне жол ашатынын жеткізді. 

Еске салайық, Президент Мажарстанда оқитын қазақстандық студенттермен кездескен еді. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз