Тоқаев өңірлік жүк авиахабтарын дамыту жөнінде кеңес өткізді

Тоқаев өңірлік жүк авиахабтарын дамыту жөнінде кеңес өткізді
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы өңірлік жүк авиахабтарын дамыту жөнінде кеңес өткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Президент авиахабтарды дамыту көлік-тасымал саласындағы басым бағыттардың бірі саналатынына тоқталды.

"Күллі әлем елдері транзиттік мүмкіндіктерін арттыруға ерекше мән беріп отыр. Халықаралық бәсекелестік күшейе түсті. Қазір Қазақстан арқылы жөнелтілетін жүк негізінен автомобиль және теміржол арқылы тасымалданады. Бірақ сарапшылар жыл өткен сайын әуе жолдары арқылы өтетін жүк тасымалы, яғни air cargo-ның үлесі арта түседі деген болжам жасап отыр. 2040 жылға қарай әуе жүктерінің 20 пайызы "Азия – Еуропа" бағытына тиесілі болмақ. Еліміз теміржолды, көлік жолын және әуе тасымалын қамтитын мультимодальді логистика жүйесін қалыптастыруы керек", – деді Мемлекет басшысы.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget