Тоқаев Омбыға барды

Мемлекет басшысы ХХІІ Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысу үшін Омбы қаласына барды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Ақордаға" сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаевты Ресей Федерациясы Үкіметі төрағасының орынбасары Алексей Оверчук, Омбы облысының губернаторы Виталий Хоценко және басқа ресми тұлғалар күтіп алды.

Фото: "Ақорда"

Еске салайық, бұған дейін 25 шілдеде Тоқаев Ресей президенті Владимир Путиннің шақыруымен Омбыға баратыны хабарланды. Мемлекет басшысы Қазақстан мен Ресейдің ХХІІ өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысады. Сапар аясында Тоқаев пен Путиннің кездесуі жоспарланған.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!