Тоқаев ОАР президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Тоқаев ОАР президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Оңтүстік Африка Республикасының президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Оңтүстік Африка Республикасының президенті Сирил Рамафоса мен оның отандастарын ұлттық мейрам Бостандық күнімен құттықтады.  

Мемлекет басшысы ОАР-дың саяси және әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамыған ел екенін, бүгінде халықаралық қауымдастықтың белсенді мүшесіне айналғанын атап өтті. Сондай-ақ, алдағы уақытта екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жаңа деңгейге көтерілетініне сенім білдірді.

Президент жеделхатта Сирил Рамафосаның жауапты мемлекеттік қызметіне толағай табыс, ал Оңтүстік Африка Республикасының халқына бақ-береке тіледі.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget