- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Тоқаев несиелік қарызы...
Тоқаев несиелік қарызы барлардың банктік есепшотын толық бұғаттамауды ұсынды
Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдау жасады. Мемлекет басшысы қарыз сомасының үлесіне тең соманы ғана бұғаттауды ұсынды. Тоқаевтың сөзінше, салықтық әкімшілендіру кезінде жазалау тәсілінен бас тарту қажет, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Ірі салық берешегі болған жағдайда кепілсіз төлемді бөліп төлеу керек. Жоспар бойынша салықтық тексерулерден толық бас тартуға ұмтылу керек", - деп атап өтті Мемлекет басшысы.
Сонымен қатар президенттің айтуынша, жеке табыс салығының сараланған ставкаларын белгілеу қажеттілігі туындады.
Айта кетейік, бұған дейін Мәжіліс Төрағасы Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойған еді.
Отырыс Астанада өтіп жатыр.
Қыркүйек айында Қазақстанда жаңа саяси маусым басталады. Қалыптасқан дәстүр бойынша, ол Президенттің Жолдауынан басталады. Кейінгі екі жылда Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа 1 қыркүйекте үндеу жасаған болатын.
Жаңа саяси маусым: Президент Жолдауы несімен маңызды?
Сарапшылардан Президенттің Жолдаудағы тапсырмаларының қалай орындалып жатқанын және бұл құжаттың мемлекеттік аппарат үшін неге аса маңызды екенін сұраған едік.
Еске салайық, Президент 2023 жылы 1 қыркүйекте Жолдау жасаған болатын. Жолдауда маңызды мәселелер көтеріліп, бірнеше тапсырма берілді. Оның ішінде:
- Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылды
- Көлік министрлігі қайта құрылды
- Ең төменгі жалақы мөлшері 85 мың теңгеге көтерілді
- Ірі кәсіпорындарға 5 жыл сайын аудит жасалатыны айтылды
- "Келешек" ерікті жинақтау жүйесі пайда болатыны айтылды
- Кәмелетке толмағандарға жасалған зорлық-зомбылық үшін жаза қатаңдады
- Аудан әкімдеріне жергілікті бюджетті басқару құқығы берілетіні айтылды
- Air Astana компаниясы халықтық ІРО-ға шығарылатыны айтылды
- АЭС салу референдум арқылы шешілетіні айтылды
- 2024 жылы ұлттық төлем жүйесін толық енгізу тапсырылды
- "Отбасы банктің" қызметін қайта қарау тапсырылды
- Қазақстанға шетелдік үш банк келетіні айтылды
- Су тапшылығы қашан сезілетіні айтылды
- Инвесторлар салықтан босатылатыны айтылды
- Туризм саласында нақты тапсырмалар берілді
- "Ұлттық қор - балаларға" жобасы қолға алынды
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Б. Жұмаділлә