Тоқаев мұнай компанияларының рөлі туралы айтты

Тоқаев мұнай компанияларының рөлі туралы айтты
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдік инвесторлар кеңесінің 36-пленарлық отырысында энергетика секторындағы жағдайды айта келе ел дамуында халықаралық мұнай компаниялары маңызды рөл атқарғанына айрықша тоқталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаев энергетика секторындағы жағдайды айта келе ел дамуында халықаралық мұнай компаниялары маңызды рөл атқарғанына айрықша тоқталды.

"Шетелдік инвесторлар елімізге капитал құйып, озық технологиялары мен жоғары білікті мамандарын әкелді. Олардың инвестициясы отандық энергетика саласының дамуына оң ықпал етті: кейінгі 30 жылда мұнай өндірісі үш есе артты. Осы көрсеткіштердің нәтижесінде Қазақстан мұнай өндіру қарқыны жоғары мемлекеттердің үздік бестігіне кірді. Болашақта біз бұл межені жылына 100 миллион тоннадан асыруды көздеп отырмыз", - деді Қазақстан президенті.

Мемлекет басшысының пікірінше, мұнай химия өнеркәсібін өркендету Қазақстан экономикасын әртараптандыруға зор үлес қосады.

"2022 жылы өндірістік қуаты жылына 500 мың тонна полипропилен шығаруға жететін Орталық Азиядағы ең ірі зауытты іске қостық. Қазіргі уақытта бұл кәсіпорын ішкі сұраныстың шамамен 60 пайызын өтеп отыр, әрі өз өнімін Еуропа, Түркия және Қытай нарықтарына экспорттайды. Биыл қыркүйек айында жылына 1,2 миллион тонна полиэтилен өндіретін зауыт құрылысы басталды. Бұдан бөлек, мұнай химиясы саласында жалпы құны 14 миллиард доллардан асатын бірқатар жоба пысықталып жатыр", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Сатыбалдина