- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Тоқаев Мұхтар Шахановқа...
Тоқаев Мұхтар Шахановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жазушы Мұхтар Шахановқа жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі - "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын беру туралы жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды "Массагет" Ақордаға сілтеме жасап.
"Қазақ әдебиетін дамытуға қосқан зор үлесі үшін жазушы Мұхтар Шахановқа жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі - "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі - Алтын жұлдыз бен "Отан" ордені тапсырылсын", - делінген жарлықта.
Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сондай-ақ, Президент бүгін, 16 маусымда өткен Ұлттық құрылтай отырысында жақында Мұхтар Шаханов сексен жасқа толатынын айтты.
Д. Шәріпхан"Оның шығармашылық еңбегі қандай құрметке де лайықты. Ол – өте шыншыл, адал, ұлтжанды адам. Мен бүгін Мұхтар Шахановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын беру туралы Жарлыққа қол қойдым. Еліміздің ең жоғары марапатын ақынға Ұлт ұясы - Ұлытаудың төрінде тапсырғанды жөн көрдім", - деді Тоқаев.