Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолия президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ухнаагийн Хурэлсухты Наадам ұлттық мерекесімен құттықтады.
Президент Моңғолияның Ухнаагийн Хурэлсухтың басшылығымен қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, екі елдің достық қатынастары мен сан қырлы ынтымақтастығы беки түсетініне сенім білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолия президентінің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал достас моңғол халқына бақ-береке тіледі.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Massaget.kz