Тоқаев Моңғолия президентін құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолия президенті Ухнаагийн Хурэлсухті Наадам мерекесімен құттықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы мейірімділік пен қайырымдылық құндылықтарын дәріптейтін тарихы терең бұл мейрамда Моңғолия халқының береке-бірлігі арта беруіне тілектестік білдірді.

Сондай-ақ, достас екі ел арасында қалыптасқан өзара құрмет пен стратегиялық серіктестік ортақ игілік үшін одан әрі беки түсетініне кәміл сенетінін жеткізді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!