- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Тоқаевтың құттықтауы
Тоқаев Монаконың князі II Альберді құттықтады
Мемлекет басшысы Князь II Альберді Монаконың Ұлттық күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстан Президенті Монаконың орнықты даму, қоршаған ортаны қорғау және барша адамзат үшін қауіпсіз келешекті қамтамасыз ету ісінде үлкен күш-жігер жұмсап келе жатқанын атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Монако арасындағы достыққа негізделген ынтымақтастық алдағы уақытта да қос халықтың игілігі жолында нығая беретініне сенім білдірді.
Мемлекет басшысы Князь II Альберге және Монако халқына бақ-береке тіледі.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Бөлек