СОР29 Дүниежүзілік климат саммиті аясында Қасым-Жомарт Тоқаев Молдова президенті Майя Сандумен кездесу өткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мемлекеттер басшылары екі ел арасындағы дәстүрлі достық қарым-қатынастарды, ең алдымен, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты кеңейтудің мүмкіндіктерін талқылады.
Кездесуде Майя Санду келесі жылы Астанада Молдова елшілігінің ашылуы елдеріміз арасындағы ықпалдастықты дамытуға септігін тигізетініне сенім білдірді.
Сондай-ақ президенттер екіжақты жоғары деңгейдегі сапарлар ұйымдастыруға уағдаласты.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз