Тоқаев Мирзиёевті Ақордада қарсы алды

«Ақорда» резиденциясында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевті салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.

Құрмет қарауылының бастығы президенттерге рапорт беріп, екі мемлекеттің әнұрандары шырқалды.

Салтанатты рәсімнен кейін мемлекеттер басшылары келіссөз залына барды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!