Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Қазақстан Президенті Республика күніне арналған Мемлекеттік ту көтеру салтанатты рәсіміне қатысты.Шара "Ақорда" резиденциясының алдында өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Құрмет қарауылының бастығы рапорт берді. Содан кейін Президенттің бұйрығымен Мемлекеттік ту көтеріліп, еліміздің Әнұраны орындалды.
Ұлттық мереке – Республика күнін ресми түрде атап өту осы салтанатты шарадан басталды. Еліміздің барлық өңірінде Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтеді.
Еске салайық, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтаған болатын. Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына ұлттық мереке – Республика күніне орай шет мемлекеттердің басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен құттықтау хаттары келіп жатқаны айтылды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!