Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының мәслихат депутаттарын сайлауда дауыс берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мемлекет басшысы Тәуелсіздік сарайында орналасқан №520 сайлау учаскесіне барып, Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарын кезектен тыс сайлауда дауыс берді.
29 қарашада Қазақстанда Мәслихат депутаттарын сайлау өтіп жатыр. Бүгін қазақстандықтар облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттарда өз мүддесін қорғайтын депутаттарды таңдайды.
Партиялық тізім бойынша сайлауға Қазақстанда тіркелген жеті саяси партия жіберілді:
Бұдан бөлек, сайлауға бірмандатты сайлау округтері бойынша ұсынылған кандидаттар да қатысады. Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, әрбір депутаттық мандатқа үш кандидаттан таласып жатыр.
Қай сайлау учаскесінде дауыс беретініңізді бірнеше жолмен білуге болады:
Дауыс беру рәсімі бірнеше минутты ғана алады. Ол мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
Еске салайық, 24 қыркүйекте Халық кеңесінің алғашқы сессиясында Мемлекет басшысы мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтетінін мәлімдеген болатын. 12 қазанда Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Жарлыққа қол қойды. Ал келесі күні жаңа депутаттарды сайлау 29 қарашаға белгіленді.