Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ертең, 25 мамырда өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысу үшін Мәскеуге барды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін Президент "Көпполярлы әлемдегі еуразиялық интеграция" атты Еуразиялық экономикалық форумының пленарлық отырысына қатысады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен қатар форумға Ресей президенті Владимир Путин, Беларусь президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров қатысады, сондай-ақ Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин бейнебайланыс режимінде сөз сөйлейді деп жоспарланып отыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!