Тоқаев Мәскеудегі Қызыл алаңда өткен әскери шеруге барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеудегі Қызыл алаңда Ұлы Жеңістің 81 жылдығына орай өткен әскери шеруге барды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Баспасөз қызметінің ресми Telegram-арнасы фотосуреттер мен видео жариялады.

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті Александр бағындағы Белгісіз жауынгер бейітіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты

Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Іс-шараларға Қасым-Жомарт Тоқаевпен және Ресей президенті Владимир Путинмен бірге Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев, Беларусь президенті Александр Лукашенко, Малайзия королі Сұлтан Ибрагим, Лаос президенті Тхонглун Сисулит және басқа да ресми тұлғалар келді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз