Тоқаев Мәскеуде өтетін Ұлы Жеңіске арналған іс-шараларға қатысады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуде өтетін Ұлы Жеңістің 81 жылдығына арналған салтанатты іс-шараларға қатысады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Кремль Қазақстан Президентінің бұл шешіміне ризашылық білдіріп, Мәскеуге жасайтын жұмыс сапарын достық қадам деп атады. Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаевтың Владимир Путинмен кездесуі жоспарланған", - деді Президенттің кеңесшісі - баспасөз хатшысы Айбек Смадияров.

Мемлекеттер басшылары Ресей президентінің мамырдың соңында Қазақстанға жасайтын сапары қарсаңында стратегиялық ынтымақтастықтың басты мәселелерін талқылайды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!