Тоқаев Марокко короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Марокко короліне құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаев VI Мұхаммед пен оның отандастарын Марокко корольдігінің ұлттық мейрамы - Таққа отырған күнімен құттықтады.

Президент жеделхатында екі ел ынтымақтастығы оң қарқынмен дамып келе жатқанын атап өтіп, жан-жақты серіктестікті кеңейту жолында тараптардың күш-жігер жұмылдыра беретініне сенім білдірді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!