Тоқаев Марокко королін құттықтады

Тоқаев Марокко королін құттықтады
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Президент Марокко короліне құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаев король VI Мұхаммед пен оның отандастарын Марокко Корольдігінің төл мерекесі – таққа отырған күнімен құттықтады.  

"Қазақстан мен Марокко арасындағы дәстүрлі достық пен өзара қолдау рухындағы сан қырлы ынтымақтастық бауырлас халықтарымыздың игілігі жолында ұдайы дами беретініне сенімдімін", – деп жазылған жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев король VI Мұхаммедтің жауапты қызметіне толайым табыс, ал достас Марокко халқына бақ-береке тіледі.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget