- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- марапат туралы
Тоқаев марқұм полицейді марапаттады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев марқұм полицей Шалхар Байжомартовты ІІІ дәрежелі "Айбын" орденімен марапаттады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан Алматы облысы полиция департаменті патрульдік полиция батальонының инспекторы, полиция аға лейтенанты Шалхар Байжомартов "Айбын" ІІІ дәрежелі орденімен марапатталды.
Мемлекеттік награданы марқұмның әкесіне ҚР ішкі істер министрінің орынбасары Айдар Сайтбеков Алматы облысы полиция департаментіне жұмыс сапары барысында табыстады. Ол отбасына көңіл айтып, аға лейтенант Байжомартовтың ерлігі мен қызметіне адалдығы туралы айтты.
Суреттер: Алматы облысы ПД
"Ішкі істер органдарының қызметкерлері қылмысқа қарсы күресте және тәртіпті қамтамасыз етуде әрдайым алдыңғы қатарда. Шалхар Байжомартов өз өмірін құрбан ете отырып, Отанына адал қызмет еткенін дәлелдеді", - деді Айдар Сайтбеков.
Қайғылы оқиға 2024 жылы 20 желтоқсанда болды. Жол апатын тіркеу кезінде көлік жүргізушілерінің бірі тізгінге ие бола алмай, полицейді қызметтік көлікке қысып, оның өліміне себеп болды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова