- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Тоқаев Марк Рюттемен...
Тоқаев Марк Рюттемен телефон арқылы сөйлесті
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нидерланд премьер-министрінің міндетін атқарушы Марк Рюттемен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Нидерланд тарапының бастамасымен өткен әңгімелесу барысында Қазақстан мен Нидерланд арасындағы инвестициялық және сауда-экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен перспективаларына баса мән бере отырып, екіжақты күн тәртібінің өзекті мәселелері қарастырылды.
Нидерланд еліміздің экономикасына тікелей инвестиция құю жөнінен бірінші орында тұр. 2022 жылдың қорытындысы бойынша өзара сауда-саттық 26 пайыз артып, 6 миллиард долларға жақындады.
Марк Рютте екі елдің арасындағы қарым-қатынастарға жоғары баға берді. Оның айтуынша, Нидерланд Қазақстанды Орталық Азия аймағындағы негізгі сауда-экономикалық және инвестициялық серіктес ретінде қарастырады.
Халықаралық күн тәртібін талқылау аясында Мемлекет басшысы бейбітшілік пен келісім үшін барлық елдің жан-жақты ынтымақтастығын БҰҰ Жарғысының қағидаттарына сай жолға қою маңызды екенін айтты.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан