Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Президенті Эмманюэль Макронға сыйлаған қазақы тазы Елисей сарайында жүр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Тоқаев Макронға сыйлаған тазы иттер онымен бірге Елисей сарайында жүргені байқалды. Суретті Макронның жеке фотографы жариялады.
Еске салайық, былтыр қараша айында Мемлекет басшысының шақыруымен Астанаға сапармен келген Франция президенті "Этноауыл" көрмесін аралап көріп, қазақ халқының бай мәдени мұрасымен танысқан еді. Көрме орталығын тамашалау барысында Эмманюэль Макронға қазақы тазының тұқымы ерекше ұнаған болатын. Сол кезде Қасым-Жомарт Тоқаев франциялық әріптесіне тазы сыйлауға уәде берген. Кейін Парижге қазақы тазының бес айлық екі күшігі жеткізілді.
Тазы күшіктеріне Жюль және Жанна деген жарасымды есім берілгені мәлім болды.