Мемлекет басшысы макроэкономикалық тұрақтылық мәселелеріне арналған жиын өткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қасым-Жомарт Тоқаев экономикалық даму сапасын арттыру және баға тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес өткізді. Жиынға премьер-министр, Президент әкімшілігінің басшылығы, Ұлттық банктің төрағасы, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің жетекшілері мен Үкімет мүшелері қатысты.

Кеңес барысында макроэкономикалық орнықтылықты нығайту, азаматтардың әл-ауқатын көтеру және инфляция деңгейін төмендету шаралары қаралды. Президент халықтың табысын жақсартуда саннан сапаға көшудің маңызды екенін атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев экономиканы орнықты дамыту үшін жауапты мемлекеттік органдардың жүйелі жұмыс істеуі керек екенін айтты.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова