Тоқаев Мажарстан президентін құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мажарстан президентін құттықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Тамаш Шуйок пен барша мажар халқын ұлттық мерекесі - Әулие Иштван күнімен құттықтады.

Қазақстан Президенті екі ел арасындағы ынтымақтастықтың деңгейін жоғары бағалап, стратегиялық серіктестік барлық сала бойынша жүйелі әрі нәтижелі түрде одан әрі дами беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Тамаш Шуйоктың барлық игі бастамасына табыс, ал бауырлас мажар халқына бақ-береке тіледі.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!