Тоқаев Мажарстан премьер-министрін құттықтады

Мемлекет басшысы Мажарстан премьер-министріне құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Петер Мадьяр мен оның отандастарын ұлттық мереке – Әулие Иштван күнімен құттықтады.

"Мажарстанның бай мәдени мұрасынан бастау алатын бұл айтулы мейрам - ұлт бірлігі мен ынтымағының жарқын белгісі, мажар халқының мақтанышы", - деп жазылған жеделхатта.

Президент қазақ-мажар стратегиялық серіктестігін көптеген бағытта нығайта түсуге әрдайым бейіл екенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Петер Мадьярдың жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал бауырлас мажар халқына бақ-береке тіледі.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!