Мемлекет басшысы Люксембургтің ұлы герцогін құттықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Люксембургтің ұлттық күніне орай ұлы герцог Анриге құттықтау жеделхатын жолдады.
Мемлекет басшысы құттықтауында Люксембург халқының бірлігі мен ортақ мұратын, сондай-ақ, елдің қаржы, цифрлық инновация мен жасыл технологиялар салаларындағы елеулі табысын паш ететін бұл мейрамның символдық мәніне назар аударды.
Қазақстан Президенті ұлы герцог Анридің жауапты мемлекеттік қызметіне толайым табыс, ал достас Люксембург халқына бақ-береке тіледі.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!