- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақорда
Тоқаев “Лукойл“ компаниясының акционерін қабылдады
Фото:
Ақорданың баспасөз қызметі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Лукойл" компаниясының акционері Вагит Алекперовті қабылдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы компания акционерімен энергетика саласындағы бірлескен жобалардың жүзеге асырылу барысын талқылады. Президентке "Лукойл" атқарған жұмыстардың нәтижелері мен болашақ жоспарлары туралы мәлімет берілді.
Кездесуде өзара мүдделі ықпалдастықтың перспективті бағыттары қарастырылды.
Қасым-Жомарт Тоқаев "Лукойл" сияқты ірі компаниялармен ынтымақтастықтың тұрақты дамуы энергетика саласын жаңғыртуға және еліміздің экономикалық әлеуетін нығайтуға септігін тигізетінін айтты.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Бөлек