• 498.76
  • 490.7
  • 5.73

Тоқаев Лукашенконы жеңісімен құттықтады

Тоқаев Лукашенконы жеңісімен құттықтады
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Қазақстан мен Беларусь президенттері телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Лукашенконы Беларусь Республикасының президенті сайлауындағы жеңісімен құттықтады.

"Тараптар екіжақты күн тәртібінің, сондай-ақ өңірлік және халықаралық ұйымдар аясындағы өзара ықпалдастықтың өзекті мәселелерін талқылады", - деп жазылған хабарламада.

26 қаңтарда Беларусьте президенттік сайлау өтті. Қазіргі мемлекет басшысы Александр Лукашенко қайта сайланды.

2025 жылғы сайлауға бес кандидат тіркелген болатын. Александр Лукашенко сайлаушылардың 87,6 пайыз дауысын жинады. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова