- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Тоқаев литий өндірісін...
Тоқаев литий өндірісін жолға қоюдың маңызды екенін айтты
Мемлекет басшысы KIGAM компаниясының президенті Пёнг-Ку Лиді және SK Ecoplant вице-президенті Хансоль Пэкті қабылдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Кездесуде Қазақстанның Оңтүстік Кореямен геологиялық барлау және тау-кен өндірісі салаларындағы ынтымақтастық перспективасы талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаевқа Корея Геологиялық зерттеу және минералды ресурстар институтының (KIGAM) Шығыс Қазақстан облысындағы "Бакенное" литий кен орнында жүргізген барлау жұмыстары жөнінде мәлімет берілді.
Мемлекет басшысы литий өндірісін жолға қоюдың, оны өңдеудің және дайын өнім шығарудың маңызды екенін атап өтіп, "шикізат орнына инвестиция мен технология" прагматикалық формуласына сай ынтымақтастық орнату мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.
Президент SK Ecoplant компаниясының қалдықтарды игеру және су тазалау бағытындағы инновациялық тәсілдеріне жоғары баға берді. Оның пікірінше, кореялық компаниялар қалдықтарды кәдеге жарату жөніндегі бірлескен жобаларды жүзеге асыруға қатыса алады.
Хансоль Пэк Мемлекет басшысына компанияның "жасыл" сутегі өндірісі саласында қол жеткізген табыстары жөнінде баяндады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан