Қасым-Жомарт Тоқаев Лаос президенті Тхонглун Сисулитке құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы Лаос Халық Демократиялық Республикасының президенті Тхонглун Сисулитті және оның отандастарын Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Лаос елінің мемлекет іргесін нығайту және халықтың әл-ауқатын жақсарту жолында елеулі жетістіктерге қол жеткізгенін атап өтті.
Сондай-ақ Қазақстан Президенті бірлескен күш-жігердің арқасында екіжақты қарым-қатынастар алдағы уақытта да дами беретініне сенім білдірді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!