Тоқаев Қызылордадағы әуежайдың жаңа терминалын аралады

Тоқаев Қызылордадағы әуежайдың жаңа терминалын аралады
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қызылорда облысына сапары "Қорқыт ата" халықаралық әуежайының жаңа терминалымен танысудан басталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Президентке әуежай қызметі, ішкі және халықаралық әуе рейстеріне қызмет көрсету процесі жөнінде баяндалды.

Мемлекет басшысына жолаушыларды тіркеу және тексеру аймақтары, шекаралық-кедендік бақылау пунктері, күту залы, сондай-ақ, автоматтандырылған жүк беру жүйесі көрсетілді.

Жаңа терминал былтыр қарашада ашылған. Жобаға 16,6 миллиард теңге көлемінде жеке инвестиция салынды.

Жергілікті бюджеттен инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын жүргізуге 4,3 миллиард теңге бөлінді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget