Тоқаев Қытайға барады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төраға Си Цзиньпиннің шақыруымен 30 тамыз - 3 қыркүйек күндері Қытай Халық Республикасына барады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сапар аясында өтетін жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында қазақ-қытай мәңгі әрі жан-жақты стратегиялық серіктестігін нығайту перспективасы талқыланады:

  • 31 тамыз - 1 қыркүйек күндері Қазақстан Президенті Тяньцзинь қаласында өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне және "ШЫҰ плюс" жиынына қатысады.
  • 2 қыркүйекте Мемлекет басшысы Бейжіңге барып, онда Қазақстан - ҚХР Іскерлік кеңесінде сөз сөйлеп, Қытайдың ірі компания жетекшілерімен бірқатар кездесу өткізеді.
  • 3 қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаев Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты іс-шараға мәртебелі мейман ретінде қатысады.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!