- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Тоқаев қытай тілін...
Тоқаев қытай тілін қанша уақытта меңгергенін айтты
Президент Қасым-Жомарт-Тоқаев Сүлефмен Демерель атындағы университетінде студенттермен кездесіп, қытай тілін қанша уақытта үйренгенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
6 қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысына ресми сапары барысында Сүлеймен Демирел атындағы университетке де барған еді. Университетте 8500-ден аса студент оқиды, олардың ішінде Орталық Азия, Қытай, Ресей, Моңғолия, Индонезия секілді мемлекеттердің азаматтары бар.
Кездесу барысында 3-курс студенті Ұлмекен Президентке қытайша сұрақ қойды.
"Менің сізге бір сұрағым бар еді. Сіз қытай тілін қанша уақытта меңгердіңіз? Мен 2 жыл бойы қытай тілін оқып келемін, бірақ маған әлі қиын", - деді студент.
Мемлекет басшысы қытай тілін қанша жылда меңгергенін және қайда жұмыс істегенін бөлісті.
"Мен қытай тілін 5 жыл оқыдым. Алдымен МГИМО-да (Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институты - еск.), кейін Сингапурға барып, онда 4 жыл жұмыс істедім. Кейін қайта Мәсукеге келіп, сонда 3 жыл қызмет еттім. Одан соң Бейжіңге барып, Бейжің лингвитикалық институтында 1 жыл оқуымды жалғастырдым", - дейді Тоқаев.
Еске салайық, бұған дейін Ангола азаматының Тоқаевпен қазақ тілінде сөйлескені хабарланған еді.
Ангола азаматы Элиша Ферейра Мемлекет басшысымен қазақ тілінде тілдескен. Ол қазір 4-курста оқып жатыр.
"Біздің университетке қош келдіңіздер. Есімім - Элиша. Анголадан келдім. Сізді көргеніме өте қуаныштымын. Қазір қоңырат болдым. Қазақ елі жасай берсін!" - дейді Элиша Ферейра.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек