- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Тоқаев Қытай халқына...
Тоқаев Қытай халқына көңіл айтты
Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасына көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинге жолдаған жеделхатында Қасым-Жомарт Тоқаев Сычуань өлкесінде болған жер сілкінісі салдарынан көптеген азаматтың қаза тапқаны және зардап шеккені туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабыл алғанын жазды.
"Осындай ауыр сәтте қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, барша қазақстандықтардың және жеке өз атымнан Сізге және жақындарынан айырылған отбасыларға, сондай-ақ достас Қытай халқына қайғыра көңіл айтамын. Табиғи апатта жараланғандардың тез арада сауығып кетуін және із-түссіз жоғалғандардың отбасыларына аман-есен оралуын тілеймін", – деп жазылған Президенттің жеделхатында.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Д. Шәріпхан