- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Тоқаев Қылмыстық кодекстен...
Тоқаев Қылмыстық кодекстен Елбасы туралы бапты алып тастайтын заңға қол қойды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қылмыстық кодекстен Елбасы туралы бапты алып тастайтын заңға қол қойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Тұңғыш Президентке тіл тигізгені үшін қылмыстық жауапкершілікті болдырмайтын норма "Заңсыз алынған мүлікті мемлекетке қайтару туралы" заңға ілеспе заңдарға енгізілді.
Мұндай заңдардың күшiне енуiне қойылатын жалпы талаптарға сәйкес жарияланғаннан кейiн 60 күн өткен соң қолданысқа енгiзiлетiн азаматтардың құқықтары мен мiндеттерiне қатысты ережелердi қоспағанда, олар жарияланғаннан кейiн 10 күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Бұған дейін Парламент "Елбасы туралы" заңды жарамсыз деп таныған болатын. Тұңғыш Президентке республиканың барлық экс-президенттеріне қатысты Конституцияның 46-бабында және "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Конституциялық заңның VI тарауында белгіленген жалпы кепілдіктер қолданылады.
Ақпарат толықтырылып жатыр...
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан