- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Тоқаев Кувейттің жаңа...
Тоқаев Кувейттің жаңа әміріне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Мишааль әл-Ахмад әл-Джабер ас-Сабахты құттықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Мишааль әл-Ахмад әл-Джабер ас-Сабахты Кувейт мемлекетінің әмірі лауазымына тағайындалуымен құттықтап, жеделхат жолдады.
"Таққа отыруыңыз туралы шешімді Кувейттің өркендеуі мен мүддесін қамтамасыз етуге ұзақ жылдар бойы сіңірген Сіздің риясыз қызметіңізге әулетіңіз бен отандастарыңыздың берген жоғары бағасы әрі еліңіздің игілігі жолындағы болашақ жеңістеріңізге деген нық сенімінің айғағы деп білемін. Қазіргі таңда Кувейт – іргесі берік, экономикасы әлеуетті, халқының әл-ауқаты жылдан жылға артып келе жатқан ел. Сондай-ақ оның халықаралық қауымдастықтағы мерейі үстем. Осы ретте Сіздің басшылығыңызбен мемлекетіңіздің дамуы баянды болып, игі мақсат-мұраттарға жете беруіне тілектеспін", - деп жазылған жеделхатта.
Мемлекет басшысы Кувейт әмірінің аса жауапты қызметі мен барлық бастамаларына мол табыс, ал бауырлас Кувейт халқына бақ-береке тіледі.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан