Тоқаев құтқарушылардың жұмысына тоқталды

Тоқаев құтқарушылардың жұмысына тоқталды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құтқарушылардың жұмысына тоқталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаев:

"Құтқарушыларымыздың үйлесімді әрі шұғыл іс-әрекеті мемлекетіміз үшін адам өмірі ең жоғары құндылық екенін нақты көрсетті. Біз бұл қиын сынақтан азаматтарымыздың бірлігі мен ынтымағының, бір-біріне жанашырлығының арқасында сүрінбей өттік.

Халқымыздың бірлігінің айқын дәлеліне айналған еріктілердің ерен еңбегі ерекше құрметке лайық. Олар еліміздің түкпір-түкпірінен су басқан өңірлерге барып, бөгендер салды. Халықты эвакуациялауға атсалысып, зардап шеккен адамдарға гуманитарлық көмек жеткізді. Біздің еріктілер күн сайын жоғары азаматтық жауапкершіліктің, жанашырлық пен көмек көрсетудің және дүниені жақсартуға деген шынайы ұмтылыстың үлгісін көрсетіп келеді.

Сонымен қатар ахуалды дер кезінде болжай алғанда, табиғат апатының салдары айтарлықтай ауыр болмас еді. Менің тапсырмам бойынша Алматы әкімдігі Сейсмология институтының ғимаратын жөндеуге қаржы бөлді. Қырық жылдан астам уақыт бойы жөндеу көрмеген ғимаратта ғалымдар адам төзгісіз жағдайда жұмыс істеп жатыр.

Су шаруашылығын білікті кадрлармен қамтамасыз ету – өткір мәселенің бірі. Бұған дейін Тараздағы Қазақ гидромелиоративтік-құрылыс институтын қалпына келтіруді тапсырған болатынмын. Бізге су шаруашылығының, гидромелиоративтік және экологиялық тұрақтылықтың қазіргі мәселелерін шешуге қабілетті мамандар дайындайтын, осы саладағы ғылыми базаны нығайтатын жоғары оқу орны қажет. Бұл бағыттағы жұмыстарды жеделдетуді тапсырамын"

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Бөлек