Тоқаев Қуаныш Сұлтановты марапаттады

Тоқаев Қуаныш Сұлтановты марапаттады
Фото: gov.kz

Мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі айрықша еңбегі үшін Қуаныш Сұлтанов "Отан" орденімен марапатталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі айрықша еңбегі үшін Қуаныш Сұлтанұлы Сұлтанов "Отан" орденімен наградталды", - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, Қуаныш Сұлтанов бүгін 80 жасқа толды. Ол - саясаткер, дипломат, журналист, саясаттанушы, профессор.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget