Мемлекет басшысы "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Талғат Алдыбергеновті қабылдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Президентке ұлттық компания қызметінің нәтижелері туралы мәлімет берілді. Талғат Алдыбергенов биылғы бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша эксплуатациялық жүк айналымы 8,6 пайызға ұлғайғанын айтты.
Транзит тасымалының көлемі 14,6 миллион тоннаға жеткен. Трансұлттық теміржол дәлізін қалыптастыру үшін 1700 шақырымнан аса жаңа желі салынып, 3 мың шақырым жол жаңғыртылып жатқаны баяндалды:
Терминал желілерін кеңейту жұмыстары жүргізіліп жатқаны жөнінде мәлімет берді. Цифрландыру мәселесіне де айрықша назар аударылатынын жеткізді:
Мемлекет басшысы Қазақстанның транзит әлеуетін және экономикасын дамытуда компания үлкен рөл атқаратынын атап өтіп, көлік инфрақұрылымын одан әрі жаңғыртудың маңызына тоқталды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!