- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Тоқаев кредит мәселесі...
Тоқаев кредит мәселесі бойынша ұсынысын жариялайды
Фото:
Ақорда
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі маңызды мәселенің біріне тоқталып, таяуда ұсынысын жариялайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Мен тағы бір күрделі мәселеге тоқталғым келіп отыр. Елімізде көп адам несие алып, қарызға батып жүр. Бұл мәселе мені де қатты толғандырады. Таяу арада мен осы мәселе бойынша ұсынысымды халыққа жариялаймын", - деді Мемлекет басшысы.
Айта кетейік, бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жетісу облысына жұмыс сапары басталған еді.
Еске салайық, бұған дейін Мемлекет басшысы экстремизм мен сепаратизм көріністеріне қарсы тұру керегін айтқаны хабарланған болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова