- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Тоқаев Костенко шахтасындағы...
Тоқаев Костенко шахтасындағы өрттің алдын алған слесарьді марапаттады
Фото:
Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев Костенко шахтасындағы өрттің алдын алған слесарьді марапаттады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының жарлығымен жанкешті және жемісті еңбегі үшін Qarmet акционерлік қоғамының Костенко атындағы шахтасының жерасты учаскесінің электр слесарі Айбар Бекболатұы Қосанов ІІІ дәрежелі "Еңбек Даңқы" орденімен наградталды", - деп жазылған хабарламада.
Айбар Қосанов бірнеше күн Костенко шахтасындағы өрттің алдын алды. Оқиға кезінде 190-ға жуық кеншіні эвакуациялауға тура келген.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова