Бельгиялықтар королі Филипп пен патшайым Матильда сапар аясында халқымыздың бай мәдениетімен және рухани мұрасымен етене танысуға айрықша мән беріп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың резиденциясында құрметті қонақ болған король отбасы асыл тұқымды арғымақтарды да тамашалады.


Король мен патшайымға бапкерлер сәйгүліктердің шығу тегі, күтімі туралы әңгімелеп, қазақ халқының ұлттық ойындарынан шағын көрініс қойды.


Еске салайық, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атқорасында бірнеше ақалтеке бар екенін жазған едік.

"Жеміне бал да қосылады". Тоқаевтың сүйікті тұлпары қалай бапталады?
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова