- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Тоқаев "Қорқыт ата"...
Тоқаев "Қорқыт ата" әуежайының жаңа терминалымен танысты
Фото:
Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қорқыт ата" әуежайының жаңа терминалымен танысты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметі өкілдері.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа "Қорқыт ата" әуежайының жаңа жолаушылар терминалының құрылысы жөнінде баяндалды.
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев:
- жаңа терминал жеке демеушінің қаражатына салынып, кейін мемлекет меншігіне өткізілетінін айтты;
- жоба құны - 20 миллиард теңге. Оның ішінде 15,7 миллиард теңге - демеушінің әуежай құрылысы үшін бөлген қаржысы. Сондай-ақ, жергілікті бюджеттен әуежайдың сыртқы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын жүргізу үшін 4,3 миллиард теңге қаржы бөлінген;
- халықаралық стандартқа сай болатын әуежайда жолаушыларға қызмет көрсету үшін барлық жағдай жасалады.
- жаңа терминал келесі жылы пайдалануға беріледі. Нысан қолданысқа берілгеннен кейін жолаушылар тасымалы бір сағатта 250 жолаушыға қызмет көрсете алады;
- түрлі бағыттарға ұшатын әуе рейстерінің саны артады.
Бұдан бөлек, облыс әкімі Қызылорда қаласында заманауи үлгіде салынып жатқан автобекеттің биыл жыл соңында іске қосылатынын және қаланың теміржол вокзалына да күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын жеткізді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек