Қайрат Садықов қорғаныс министрінің орынбасары – Қарулы Күштер Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Мемлекет басшысының өкімімен Қайрат Әнуарбекұлы Садықов Қазақстан Республикасы қорғаныс министрінің орынбасары – Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.
Еске салайық, 8 маусымда Дәурен Қосанов қорғаныс министрі болып тағайындалды. Ал Руслан Жақсылықов қорғаныс министрі лауазымынан босатылды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!