Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Қайрат Садықов қорғаныс министрінің орынбасары – Қарулы Күштер Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Мемлекет басшысының өкімімен Қайрат Әнуарбекұлы Садықов Қазақстан Республикасы қорғаныс министрінің орынбасары – Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.

Еске салайық, 8 маусымда Дәурен Қосанов қорғаныс министрі болып тағайындалды. Ал Руслан Жақсылықов қорғаныс министрі лауазымынан босатылды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget