Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарларын қабылдады

Мемлекет басшысы қорғаныс министрінің орынбасарларын қабылдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Президент – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы Күштері Бас штабының бастығы Қаныш Әбубәкіров пен қорғаныс министрінің орынбасары Асқар Мұстабековті қабылдады.

"Мемлекет басшысы қорғаныс министрінің орынбасарларына ведомстводағы жетекшілік ететін бағыттары бойынша бірқатар тапсырма берді", - деп жазылған хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін қорғаныс министрі Дәурен Қосанов Мемлекет басшысына армияның жауынгерлік әзірлігі туралы есеп берді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!