Тоқаев Қорғаныс министрлігіндегі үш басшыны қызметінен босатты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үш жоғары лауазымды әскери қызметшіні қызметінен босату туралы өкімге қол қойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қаныш Асанханұлы Әбубәкіров Қазақстан Республикасы қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы лауазымынан босатылды;

Алмаз Дженишевич Джумакеев Қазақстан Республикасы қорғаныс министрінің орынбасары лауазымынан босатылды;

Қанат Серікқалиұлы Ниязбеков Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы лауазымынан босатылды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!